«АИТВ-ның бизнеске әсері» пресс-конференция Тараз қаласы

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында “АИТВ-ның бизнеске әсері” тақырыбында пресс-конфернция болып өтті. Конфернцияға Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы, Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Т.Мамедова кездесу барысында “ДЭФ ЖБҚИ АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске әсері туралы” баяндамасында Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің рейтингінде АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша төмен елдер тобына кіретінін айтып өтті. Біздің елде АИТВ инфекциясының таралуы төмен деңгейде  — 0,02 әлемдік орташа есппен — 1,6 экономика мен бизнес деңгейіне әсер етпейді. АИТВ жұқтырған тұлға өз әріптестеріне жұқтырмайтындықтан және жұмыс пен қызметкерлерге қәуіп төндірмейтіндіктен жұмыс беруші жұмысқа қабылдамауға немесе жұмыстан шығаруға қарсы бола алмайды.Өз кезегінде  Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Хашимов Шухрат “Бұл мәселеде ЖИТС орталығын толықтай қолдайтынын және кәсіпкерлермен байланыс орнатқысы келетінін, егер де осындай фактілер анықталған жағдайда қызметкерлерінен бас тартпай облыстық ЖИТС орталығына хабарласу керектігі жөнінде баса айтты, Бұл жағдайлар өте маңызды бұл фактор елдің экономикасына әсер етеді.”