Тараз қалалық перинаталдық орталығында емделіп шыққан  Нұржанова Лариса Базарбайқызының дәрігерлер мен мед қызметкерлерге  арнаған өлеңі мен алғыс хаты

 

Темірбеков Хамит Әбдімомынұлына!

Сөз таба алмай қалайша қысыламын,

Жырдан кептер мұндайда ұшырамын

Темірбеков Хамит деген ағамызға

Өлеңімді шын жүрекпен ұсынайын

Больницаның тәжірибелі маманы

Қалай айтсам екен дараны

Темірбеков хамит деген врачымыз

Меңгеріпті ең қажетті саланы

Мейірім төгіп жүрген әркез жанардан,

Өзіңізден бастау алған сан арман

Мына ғажап тілектері жүректің

Хамит аға тек өзіңе арналған

Ортасында жайнаған жасыл бақтың

Абзал жан боп больницаның шамын жақтың

Больницаның ең үздік маманы боп,

Қанша жанға пана боп ,тілін таптың

Дәрігерлерге әрқашан ақ жүрегім

Оларды мен абзал жан деп білемін

Әрқашан қызметіне риза боп

Қабыл алыңыз Ларисаның тілегін

Отбасылық қуанышқа бөленіңіз,

Арта берсін ,өсе берсін кемеліңіз

Коллективтің ортасында беделді боп,

Мерейіңіз үстем боп сіз жүріңіз

                                                                                    Авторы: Нұржанова Лариса Базарбаевна

Сапырды сөзді демесең

Қалайша жұрттан кем болам?

Шабытым болған кезінде

Ағыл да тегіл сел болам

Поэзияға жақын қыз

Фаризадай ақын қыз

Нұржанова Лариса Базарбайқызы мен болам.

                                                                   Алғыс хат

Мен, Нұржанова Лариса Базарбайқызы «Қалалық перинаталдық орталығына» алғысымды білдіремін.Өйткені келген күннен бастап жылы шырай танытып,жүзімізге шуақ,бойымызға қуат сыйлап, қолдарынан келгенше жақсылап қарап жатыр. Больницаның іші мұнтаздай таза ,іші жылы,медбикелері де сондай тамаша жандар екен. Бұл орталықтың ұжымына шығармашылық табыс, абыройларыңыз биік,мерейлеріңіз үстем ,коллективтің ортасында беделді боп жүре берулеріне тілектеспін. Сіздерге ұзақ өмір,мол бақыт,көтеріңкі көңіл,шуақты өмір,өмірлеріңізге нұр,көңілдеріңізге жыр, ең бастысы,Алланың жауған нұрын ,екі дүниенің бақытын тілеймін.