Сағынғалиева Қарагөз Әмірқызы – жоғары санатты дәрігер акушер – гинеколог, денсаулық сақтаудың жоғары санатты ұйымдастырушысы.  1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1987-1993 жылдары №2 қалалық перзентханада акушер-гинеколог дәрігері қызметінде болған. 1993-1996 жылдары бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. 1996-1997 жылдары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына ауыстырылады – бас акушер-гинеколог. 1997-1998 жылдары АҚШ-да  қызметтік іс-сапарда болады- «Лактацияны жүргізу». 1998-2010 жылдары №1 Тараз қалалық перзентхананың бас дәрігері. 2011-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының  ана мен бала жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері.