Жатыр мойыны  қатерлі ісігін ерте анықтау емдеу кепілдігіне жетістік береді

К. Беккулиев

Облыстық онкология диспансері

мамандандырылған   кеңес беру

диагностикалық бөлімінің

жетекшісі

 

 Қазақстан Республикасының 2016-2017 жылдарға арналған

  денсаулық сақтауды дамыту туралы «Денсаулық»

Меммлекеттік бағдарламасына сәйкес 2018 жылдың

27 қаңтар және 3 ақпан аралығында «Жатыр мойны қатерлі

 ісігінен хабардар болу» апталығы өткізілуде

 Жатыр мойыны қатерлі ісігі (ЖМҚІ) жалпы қатерлі ісіктер аралығында көп тарлаған түрі болып есептеледі, яғни ол бесінші орында тұрып, барлық қатерлі ісіктің 5,0% құрайды. Жатыр мойны қатерлі ісігімен көбінесе 40-60 жастағы әйелдер ауырады, бірақ соңғы жылдары ол жасарып 20-30 жастағы әйелдер арасында да жиі  кездесуде.

Қазіргі таңда жатыр мойны қатерлі ісігі әлем бойынша оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып отыр.  Обырды зерттеу Халықаралық агенттіктің мәліметіне сүйінсек жыл сайын әлем бойынша 500,0 мың жатыр мойны қатерлі ісігі тіркеліп, оның 300,0 мыңға жуығы қайтыс болады.

Жамбыл облысы статстикасына жүгінсек, 2017 жылы  477 әйел осы аурумен есепте тұрып, оның ішінде 2017 жылы бірңнші рет анықталғаны 78,  100,0 адамға шаққанда  аурушаңдық көрсеткіші 6,9 құрды. Қайтыс болғандары 46, өлім көрсеткіші 4,1.

2016 жылы  457 әйел осы аурумен есепте тұрып, оның ішінде 2016 жылы бірңнші рет анықталғаны 74,  100,0 адамға шаққанда  аурушаңдық көрсеткіші 6,6 құрды. Қайтыс болғандары 44, өлім көрсеткіші 3,9.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің белгілері әр түрлі, сондықтан әрбір әйел оның белгілерін білуі қажет деп есептейміз. Оның алғашқы белгілері жыныстық жолдардан шығымдардың пайда болады, олардың қызғылт түрде болуы  (в виде «мясных помоев») жаман иісті болуыда мүмкін.

Менструльдық циклға байланысты емес жыныс жолдарынан қанның пайда болуы, жыныстық қатынас кезінде қанның жыныс жолдарынан шығуы, ауыруы, менепаузадан кейін қанның пайда болуы жатыр мойны қатерлі ісігінің белгілері болып есептеледі.

Іштің төменгі жағының, белдің, сегіз көз омыртқаның және тік ішек маңының ауыруы жатыр мойны қатерлі ісігінің кеш белгілері болып есептеледі.

Жыл мезгілінде әр түрлі себептермен емханаға жүгіну кезінде әйелдердің емханадағы әйелдерді тексеру кабинтінен өтуі қажет деп есептейміз, себебі тексеру кабинетінде қатерлі ісікке арнайы  жағынды алынып, жатыр мойны қатерлі ісгін ерте анықтауға болады.

Жатыр мойны қатерлі ісгін алдын алуда төменгі шараларды ұмытпау керек:

-салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны енгізуді сақтау;

— жыныстық гигиенаны сақтау, әсіресе жасөпірімдер арасындағы жыныстық қатынасты ерте бастаудың зияндылығы туралы тұрғындардың сауаттылыіын арртыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-жатыр мойны қатерлі ісгін ерте анықтау бойынша тұрақты түрде скрининг тексеруден өту;

-жатыр мойны қатерлі ісігіне әкеліп соғатын қатерлі іск алды ауруларын уақтылы емдеу жұмыстарын жүргізу;

-темекі шегумен күресу.

Бұл мәселеде жыныстық қатынас гигиенасына ерекше назар аударылу қажет. Жыныстық қатынасты ерте бастау, талғаусыз байланыстар, көптеген серіктестіктер, жыныстық қорғаныс заттарына мән бермеу папилломмавирус, оның ішіндегі патологиялық түрін жұқыру мүмкіндігі жоғары, яғни жатыр мойны қатерлі ісгімен ауыру жоғары болуы мүмкін. Сексуальды денсаулықты сақтау үшін жалпы сауаттылықты арттыру , әсіресе мектеп деңгеійде жүргізу керек. Әр әйел жатыр мойны эрозиясын, қабыну ауруларын және жыныс қатынасы арқылы берілетін ауруларды алдын алуды білуі керек.

Елімізде жатыр мойны қатерлі ісгін анықтау туралы скринингісн енгізу өте уақтылы болды және әйелдер денсаулығын сақтауға үлкен әсер етті.

Скрининг тексеруді енгізудің мақсаты жатыр мойны  қатерлі ісікалды ауруларын анықтау және оны уақтылы емдеу, себебі олар әртүрлі сатыдан өтіп жатыр мойны қатерлі ісгіне әкеп соғыуы мүмкін. Сондықтан катерлі іскалды ауруларын уақтылы емдеу және қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау оның толық емделуіне мүмкіндік береді.

Облыс бойынша жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау скринингісі 2009 жылдан бері енгізілген және 30-60 жастағы  нысаналы топтағы  әйелдер әр 5 жыл сайын скрининг тексеруден өткізілді.  Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минситрлігінің бұйрығымен 2018 жылы 1 қаңтардан бастап нысаналы топтағы әйелдердің жасы 30 дан 70 ке дейін болып,  скрининг тексеру аралығы 4 жыл болып бекітілді, яғни әр әйел 4 жыл сайын 1 рет скрининг тексеруден өтуі қажет.

Скрининг тексерудің әдісі  емханалардағы әйелдерді текскеру кабинетінен өтіп жатыр мойнынан жағынды алу және оны цитологиялық тексеруден өткізу.

2016 жылы жатыр мойны қатерлі ісігін терте анықтау скринингісінен жоспар бойынша 23140 әйел өткізіліп, бұл 100,0% құраған, анықталған қатерлі ісік алды ауралары-1780 (7,6%), рак-16 (0,06%). Анықталған 16 қатерлі ісіктің   I сатысындағы 4,  II стысындағы 12 яғни емдеу нәтижелері жоғары деген сөз.

2017 жылы жатыр мойны қатерлі ісігін терте анықтау скринингісінен жоспар бойынша 23873 әйел өткізіліп, бұл 100,0% құраған, анықталған қатерлі ісік алды ауралары-1320 (5,5 %), рак-7 (0,063%). Анықталған 7 қатерлі ісіктің   I сатысындағы 3,  II стысындағы 4 яғни емдеу нәтижелері жоғары деңгейде болды.

2018 жылы жатыр мойны қатерлі ісгін ерте анықтау мақсатында 57056 әйелдерді тексеру жоспарланған, бұл 2017 жылдмен салыстырғанда 2 есе жоғары.

Әйелердің емханалардағы әйелдерді тексеру кабинеттерінен уақтылы тексеруден өтуі, гинеколог дәрігерлерде уақтылы емделу, скрининг тексеруден уақтылы өту жатыр мойны қатерлі ісігін ерте  анықтаудың және оны емдеудің  табыс капілі.

Қатерлі ісікалды ауруларын уақтылы емдеуді  (полипы, эроззи, қабыну аурулары т.б.) әйелдер ұмытпауы қажет.