Кәсіподақтар күні

10 қазан күні Қазақстанда Кәсіподақтар күні алғаш рет атап өтілуде. Осы мерекеге орай, 2019жылдың 11 қазан күні Қалалық перинаталдық орталығының салтанатты рәсімделген фойесінде «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Сатыбалдиев Ерлан Нұрғалиұлы және орынбасары Момбекова Гүлмайра Асанқызы орталықтың босанған әйелдерімен кездесті. Босанған әйелдер Байториева Камиләні, Ниязова Индираны, Өтепова Нұргүлді, Қуанбаева Ұлбосынды, Шоханова Нұрсаяны, Шадыбаева Наргизаны, Бимендиева Ақнұрды сәбилерінің өмірге келуімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, жақсылықтар тілеп, балалар арбасын және де ақшалай сыйлықтар табыстады. Босанған әйелдер атынан егіз босанған Ниязова Индира көрсетілген құрметке алғысын айтты.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *