Мейірімді іс жасауға асығайық!

Жыл сайын, жаңа оқу жылы басталар алдында, Қалалық перинаталдық орталығында «Мейірімді іс жасауға асығайық!» ұранымен акция өтеді. Акцияның мақсаты – қызметкерлеріміздің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына қайырымдылық көмек көрсету болып табылады.

Біздің орталықтың мерекелік безендірілген мәжіліс залында оннан аса балаға мектепке арналған сыйлықтар салтанатты түрде табысталды. Балаларға мектепке қажетті құралдары салынған иыққа асатын сөмкелер табысталды:

Дәптерлер, сурет салуға арналған альбомдар, бояулар, сомсоқталар, түрлі-түсті қарындаштар, қаламсаптар және басқа оқуға қажетті заттар. Табыстау рәсімі қол шапалақтап қолпаштаумен өтті. Осылайша балалар өздері және өзгелер үшін қуанды. Балалар мен ата-аналары қамқорлық пен көңіл бөлушілікке өте риза болды. Олардың күлкісі, алғысы мен жақсы оқуы – басты марапат болып табылады.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *