«Дүниежүзілік қол жуу күніне» орай , Қалалық перинаталдық орталығында 16.10.2017ж осы тақырыпқа байланысты іс-шара өткізілді.

Атап айтқанда, іс-шараға перинаталдық орталықтың 8 бөлімшесі қатысып, қол жуу техникасын көрсетуден сайысқа түсті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013жылғы №111 «Қол жуу ережелері » бұйрығына сәйкес, стационарда қол жуу техникасының талаптары қатаң түрде сақталу керек.

Аталған іс-шараға босану бөлімшесі, қабылдау бөлімшесі,ота бөлімшесі,балалар  реанимациясы бөлімшесі, 1 ана мен бала бөлімшесі, 2 ана мен бала бөлімшесі қатысып, зертхана бөлімшесі, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі қатысып,өздерінің күнделікті жұмыс барысында қолданатын қол жуу техникасын көрсетті.Сайыста 1-ана мен бала бөлімшесінің акушері Тажиева Жанна үздік атанып, қалалық перинаталдық орталығының әкімшілігі тарапынан лайықты сый-сияпатқа ие болды.