Тараз қаласы күніне орай, 2017жылдың 6 қазаны күні қалалық перинаталдық орталығында Тараз қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша, қала әкімінің орынбасары Олжабай Кенжебек және Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары кадастрының басшысы Қ.Сағынтаевтың перинаталдық орталықтың жас босанған аналарымен кездесуі болды.

Кездесу барысында, 2017жылдың 6 қарашасы күні босанған аналарды қала күні мерекесімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Олар жас босанған жеті анаға және олардың сәбилеріне балалар қол арбасын және жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты, сәбилердің 6-уы ұл және 1 –уі қыз. Сонымен қатар, қалалық перинаталдық орталығы тарапынан да сый-сияпаттар көрсетілді.

Босанған әйелдер атынан Самбетбаева Индира сөз сөйлеп, жас аналарға көрсеткен қолдауы үшін қала әкіміне зор алғысын білдіріп, рахметін айтты.

Қалалық перинаталдық орталығының әкімшілігі, Тараз қаласының әкімі Рүстем Рысбайұлы Даулеттің қала күні мерекесіне орай біздің босанған аналарымыз бен сәбилерімізді қолдап және көрсеткен сый-сияпаты үшін зор алғысын білдіреді және қызметте табыстар тілейді.

Қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері

Қарагөз Сағынғалиева