2018 жылдың 28 қарашасы күні Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын орталық қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өтті. Кездесуге Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Құлекеев Батырбек Әбдрасілұлы,Тараз қалалық деңгейдегі Қоғамдық Кеңестің хатшысы Смаилов Алпысбай Смайылұлы, Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы бас дәрігері, мәслихат депутаты Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы, Қалалық Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Махашев Алдаберді Меңлібайұлы және «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Ошанов Асылбек Есенбайұлы қатысып тиісті ақпараттарын берді. Кездесуге перинаталдық орталықтың қызметкерлері түгел қатысып, қойған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.