Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында медбике ісі мамандарының кәсіби дайындығын бағалау және  біліктілігіне сәйкестігін растау

2018 жылдың 8 ақпан күні Қалалық перинаталдық орталығында «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында медбике ісі мамандарының кәсіби дайындығын бағалау және  біліктілігіне сәйкестігін растау» тақырыбына арнайы вебинар өткізілді. Вебинарға қалалық перинаталдық орталығының бас акушеркасы және аға акушеркалар қатысты, оны Алматы қаласы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті жанынан клиника бас медбикесі, жоғары  санатты медбике-менеджер Пасько Галина Ивановна жүргізді.