2018 жылдың 16 қазаны күні Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында №9 бастауыш «Нұр Отан» партиясының есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналыста 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері, бастауыш партия ұйымының төрайымы Қарагөз Әмірқызы Сағынғалиева қызметкерлерге таныстырды. Бастауыш «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тышқанбаева Райкул Сейданқызы партияның 2016- 2018жылдарғы кезеңіне атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.