Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді

2018 жылдың 14 желтоқсаны күні Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Тәуелсіздік күнімен қызметкерлерді бас дәрігер Сағынғалиева Қарагөз Әмірқызы құттықтады.Бөлім меңгерушісі Жамирова Гаухар Шакирбайқызы және дәрігер акушер-гинеколог Момынқұлова Ғалия Мадиярбекқызы отандық денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және Қазақстан халқының денсаулығына қосқан ерен еңбегі үшін «Ұлттық Медициналық Ассоциация» РОО жоғары марапаты «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.Сондай ақ, бас акушерка Қасымова Мұраткүл Тұрғынқызы мейірімділігі және науқастарға кәсіби медициналық көмек көрсеткендігі үшін «Мейірім»төсбелгісімен марапатталды.

Төсбелгілерді Ұлттық Медициналық Ассоциацияның вице-президенті Сауруков Алтай Мұхтарұлы тапсырды.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» Тараз қалалық филиалының  алғыс хатымен Давлетбаева Асем және құрмет грамотасымен Сапарбаева Гүлзира марапатталды.

Денсаулық сақтау саласы және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен Байшораева Гаухар және Каригулова Жарқынай марапатталды.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *