Құрметті медицина қызметкерлері!

Қалалық перинаталдық орталығы Сіздерді Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтайды! Сіздердің халыққа көрсеткен қызметтеріңіз-ол үлкен еңбекпен келеді,себебі сіздер адамдарға  толыққанды өмір сүру үшін жұмыс жасайсыздар!Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып,сіздердің ауыр да, қайырымды жұмыстарыңызға табыс, әріптестер мен пациенттердің  құрметі мен махаббатын тілейміз!Жер бетінде мамандық көп,олардың барлығы жауапты қажетті,бірақ медицина қызметкерінің мамандығы тек жауапты ғана емес ,ол әрбірімізге өте қажет ! Әрбір адамның алғысы сіздерге қанағаттанушылық пен бақыт сыйласын! Себебі ,бұл мамандық әрқайсымызға ауадай қажет!Медиктерсіз болашақ жоқ!Бақытты өмір сүріңіздер!


Аса құрметті Қаракөз Әмірқызы!

Қалалық перинаталдық орталығының ұжымы Сізді   «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін»  лайықты төсбелгісімен құттықтайды,бұл Сіздің жоғары  тұлғалық қасиеттеріңіздің  тікелей көрсеткіші болып табылады.Сіздің әрі қарайғы өмір жолыңызда қойған мақсаттарыңызға жетіңіз демекпіз!  Бұл марапат  жан жылуы мен жаңа белестерге жетелесін!Әрқашан да алда болып,жеңістерге  қол жеткізуге  тілектеспіз!

 Құрметпен , Қалалық перинаталдық орталығының ұжымы!

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *