Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамы

Қалалық перинаталдық орталығында 2019 жылдың 19 наурызынды Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамына орай қазақтың ұлттық ойындарымен байланыстырып жарыстар өткізілді. Бірінші құттықтау сөзді мекеме басшысы бас дәрігер Қарагөз Әмірқызы Сағырғалиева жиналған барша қауымды мерекемен құттықтап бастады.

Наурыз мейрамын атап өту барысында орталықтың алаңында екі корпус сайысқа түсті.

Күш сынасу, ерлер және әйелдер арасында күрес, қаппен жүгіру және арқан тарту сияқты ұлттық ойындар өткізілді.

Ойындарды тәмәмдай келе жарысқа қатысушылардың барлығына сый сыяпат тапсырылды.

Нәрестелер реанимациясы медбикесі Әбілдаева Лаура және қос бүлдіршін Ақбота мен Еркеназ Төлегенқыздары ән салып жиналған жұртты дауыстарымен тәнті етті.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *