Entries by er_billy_lr482755

Шала туылған нәрестелердің халықаралық күні

17 қарашада- әлемде шала туылған нәрестелердің халықаралық күні атап өтіледі. Ол 2011жылы нәрестелерге күтім бойынша Еуропалық қор бастамасымен құрылған. Жыл сайын әлемде 15 миллионға жуық бала шала туылады, басқаша айтқанда,орташа есеппен бұл әр туылған баланың 10-шысы. Осы балалардың 1 миллионнан көбі туа салысымен шетінеп кетеді, ал көбісі әртүрлі неврологиялық және физикалық мүгедектіктен немесе басқа мәселелерді […]

Кәсіподақтар күні

10 қазан күні Қазақстанда Кәсіподақтар күні алғаш рет атап өтілуде. Осы мерекеге орай, 2019жылдың 11 қазан күні Қалалық перинаталдық орталығының салтанатты рәсімделген фойесінде «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Сатыбалдиев Ерлан Нұрғалиұлы және орынбасары Момбекова Гүлмайра Асанқызы орталықтың босанған әйелдерімен кездесті. Босанған әйелдер Байториева Камиләні, Ниязова […]

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Қалалық перинаталдық орталығында 2019 жылдың 4 қазан күні медициналық қызметкерлеріне «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбы бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ақпараттық – түсіндіру жұмысы семинарлық сабақ түрінде өткізілді және сабақты бекіту, білімдерін тексеру мақсатында тест жүргізілді. Ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын қалалық перинаталдық орталығының бас акушері М.Т.Қасымова жүргізді.

«Жедел вирусты жұқпалы аурулар, тұмаудың алдын алу» және «Сібір жарасының алдын алу, обаға қарсы костюм кию, шешу ережелерін қайталау»

2019 жылдың 1 қазаны күні Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында «Жедел вирусты жұқпалы аурулар, тұмаудың алдын алу» және «Сібір жарасының алдын алу, обаға қарсы костюм кию, шешу ережелерін қайталау» тақырыптары бойынша семинарлық сабақ өтті. Сабақ инфекциялық бақылау Қ.С.Аленованың баяндауымен өтті.

Қарттар күніне байланысты іс-шара өткізілді

2019 жылдың 1 қазаны күні Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Халықаралық Қарттар күніне байланысты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қалалық перинаталдық орталығының бас дәрігері Қарагөз Әмірқызы Сағынғалиева қатысып, мекеме ардагерлерін  атаулы күнмен құттықтай отырып, мекеменің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық тілеп, ардагерлерге сый-сияпаттар тапсырды.

Қалалық перинаталдық орталығының электригі Қасымов Нұржас Бекжанұлы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталды

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Облыстың құрылыс саласын дамытуға және Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойынша құрылыс жұмыстарының атқарылуына қосқан үлесі үшін Қалалық перинаталдық орталығының электригі Қасымов Нұржас Бекжанұлы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері! Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен  құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш […]

Мейірімді іс жасауға асығайық!

Жыл сайын, жаңа оқу жылы басталар алдында, Қалалық перинаталдық орталығында «Мейірімді іс жасауға асығайық!» ұранымен акция өтеді. Акцияның мақсаты – қызметкерлеріміздің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына қайырымдылық көмек көрсету болып табылады. Біздің орталықтың мерекелік безендірілген мәжіліс залында оннан аса балаға мектепке арналған сыйлықтар салтанатты түрде табысталды. Балаларға мектепке қажетті құралдары салынған иыққа асатын сөмкелер […]

Емшек сүтінің артықшылықтары

Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Жамбыл облыстық «Зер -Күміс» ЖШС салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған орталықтың маманы Сарыбаева Балхаш Боранқұлқызы, валеолог Байдаулетова Айсұлу Берікбайқызы,психолог Кейкиева Меруерт Оңғарбекқызы емшек сүтінің артықшылықтары бойынша апталығына орай жүкті және босанған әйелдерге кеңестер жүргізді. Аналар осы тақырыптарға қатысты сұрақтарына жауаптар алды.

“Дүниежүзілік баланы емшекпен емізу” және “Емізу -бала саулығының негізі”

Қалалық перинаталдық орталығында 2019 жылдың 1-7 тамыз аралығында “Дүниежүзілік баланы емшекпен емізу” және “Емізу -бала саулығының негізі” такырыптарында босанған аналарға арналған апталық жарияланды. Апталық кезінде аналарға сабиді дұрыс емізу тәртіптері үйретіліп, кеңестер беріледі. Сонымен қатар, босанған аналарға емшек сүтімен емізудің артықшылықтары, уқалаудың әдістері мен ережелері айтылып талқыланатын болады.