Емшек сүтінің артықшылықтары

Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында Жамбыл облыстық «Зер -Күміс» ЖШС салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған орталықтың маманы Сарыбаева Балхаш Боранқұлқызы, валеолог Байдаулетова Айсұлу Берікбайқызы,психолог Кейкиева Меруерт Оңғарбекқызы емшек сүтінің артықшылықтары бойынша апталығына орай жүкті және босанған әйелдерге кеңестер жүргізді. Аналар осы тақырыптарға қатысты сұрақтарына жауаптар алды.

“Дүниежүзілік баланы емшекпен емізу” және “Емізу -бала саулығының негізі”

Қалалық перинаталдық орталығында 2019 жылдың 1-7 тамыз аралығында “Дүниежүзілік баланы емшекпен емізу” және “Емізу -бала саулығының негізі” такырыптарында босанған аналарға арналған апталық жарияланды. Апталық кезінде аналарға сабиді дұрыс емізу тәртіптері үйретіліп, кеңестер беріледі. Сонымен қатар, босанған аналарға емшек сүтімен емізудің артықшылықтары, уқалаудың әдістері мен ережелері айтылып талқыланатын болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

2019 жылғы 10 шілде күні Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру” тақырыбы бойынша қызметкерлерге семинар өтти. Семинарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан спикер Тұрғын Рахметханұлы Жігітеков откізді. Семинарға қатысушылар өздерине қажетті сұрақтарға жауап алды.

Құрметті медицина қызметкерлері!

Қалалық перинаталдық орталығы Сіздерді Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтайды! Сіздердің халыққа көрсеткен қызметтеріңіз-ол үлкен еңбекпен келеді,себебі сіздер адамдарға  толыққанды өмір сүру үшін жұмыс жасайсыздар!Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып,сіздердің ауыр да, қайырымды жұмыстарыңызға табыс, әріптестер мен пациенттердің  құрметі мен махаббатын тілейміз!Жер бетінде мамандық көп,олардың барлығы жауапты қажетті,бірақ медицина қызметкерінің мамандығы тек жауапты ғана емес ,ол әрбірімізге өте қажет ! Әрбір адамның алғысы сіздерге қанағаттанушылық пен бақыт сыйласын! Себебі ,бұл мамандық әрқайсымызға ауадай қажет!Медиктерсіз болашақ жоқ!Бақытты өмір сүріңіздер!


Аса құрметті Қаракөз Әмірқызы!

Қалалық перинаталдық орталығының ұжымы Сізді   «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін»  лайықты төсбелгісімен құттықтайды,бұл Сіздің жоғары  тұлғалық қасиеттеріңіздің  тікелей көрсеткіші болып табылады.Сіздің әрі қарайғы өмір жолыңызда қойған мақсаттарыңызға жетіңіз демекпіз!  Бұл марапат  жан жылуы мен жаңа белестерге жетелесін!Әрқашан да алда болып,жеңістерге  қол жеткізуге  тілектеспіз!

 Құрметпен , Қалалық перинаталдық орталығының ұжымы!

Мейірімділік пен адалдығыңыз үшін, Сіздерге мың алғыс!

1820  жылдың 12 мамырында Флоренцияда  ұлы ойшыл, қоғам қайраткері, мейірімді мейіргер, заманауи мейіргерісін  қалаушы Флоренс Найтингель өмірге келген.

12 мамырда Флоренс Найтингельдің туған күнінде жер шарының барлық жерінде Халықаралық мейіргер күнін атап өтеді.

Мейіргер-бұл мақтанышымыз!Көптеген адамдар өмірінде жүргізген емшарасы арқылы басты роль атқарады.Оның атқаратын қызметі оның кәсібилігіне және талантына байланысты.

Қалалық перинаталдық орталығының әкімшілігі мейіргерлерді ерекше ықыласпен және құрметпен кәсіби мерекесімен құттықтайды!

Мейірімділік пен адалдығыңыз үшін, Сіздерге мың алғыс!  2019 жылдың 13 мамырында Қалалық перинаталдық орталығының мәжіліс залында осы мерекеге орай, салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты шарада ең үздік деген мейіргерлер менжәне акушерлерді құрмет грамоталары мен сыйлықтар табысталды.

Бірінші байлық денсаулық!

Қалалық перинаталдық орталықта 2019 жылдың 7 сәуір  “Дүниежүзілік денсаулық күніне” ағымдағы жылдың 9-10 сәуірінде орталық қызметкерлер арасында “Бірінші байлық денсаулық!” спорттық ойындар және салтанатты флешмоб өткізілді.

Мейірбике үшін жаңа туған нәрестелерді реанимациялаудың өзекті мәселелері

Медицина қызметкерлерінің 2019 жылға қарай біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес, Қалалық перинаталдық орталықтың базасында 2019 жылдың 1 сәуірінен 5 сәуіріне дейін «Мейірбике үшін жаңа туған нәрестелерді реанимациялаудың өзекті мәселелері» тақырыбында мейірбикелерге арналған «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» неанотолог-реаниматолог дәрігері Уристемова Камшат Кабылбековна шебер-сынып өткізді. 25 мейірбике оқытылды.

«Жаңа ағаштар» атты облыстық жалпы сенбілік акциясы

           2019 жылдың 30 наурызы күні «Жаңа ағаштар» атты облыстық жалпы сенбілік акциясына ағаш отырғызуға қалалық перинаталдық орталығы атсалысып, өз үлестерін қосты.

          Экологияны жақсарту және абаттандыру бағытында қаланың іргелес аумақтарында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысқан мекеме-кәсіпорын қызметкерлері тал егу барысында белсенділік танытып, жұмыстарды ауызбіршілікпен атқарды.

Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамы

Қалалық перинаталдық орталығында 2019 жылдың 19 наурызынды Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамына орай қазақтың ұлттық ойындарымен байланыстырып жарыстар өткізілді. Бірінші құттықтау сөзді мекеме басшысы бас дәрігер Қарагөз Әмірқызы Сағырғалиева жиналған барша қауымды мерекемен құттықтап бастады.

Наурыз мейрамын атап өту барысында орталықтың алаңында екі корпус сайысқа түсті.

Күш сынасу, ерлер және әйелдер арасында күрес, қаппен жүгіру және арқан тарту сияқты ұлттық ойындар өткізілді.

Ойындарды тәмәмдай келе жарысқа қатысушылардың барлығына сый сыяпат тапсырылды.

Нәрестелер реанимациясы медбикесі Әбілдаева Лаура және қос бүлдіршін Ақбота мен Еркеназ Төлегенқыздары ән салып жиналған жұртты дауыстарымен тәнті етті.

Жаңғыру күні

В  рамках  праздничного  мероприятия  « Жаңғыру  күні»  в  Городском  перинатальном  центре  г.Тараз  19  марта 2019 года  состоялась  торжественная  выписка  родильниц  с  новорожденными  детьми. В праздничном оформленном  холле  нашего  центра,были  использованы  красочные композиции  из воздушных  шариков,цветов,а  также  присутствовали   ростовые  куклы,персонажи   известных  и  любимых  детьми  анимационных  фильмов. Почетным  гостем был   заместитель  акима  города  Кенжебек  Олжабай ,который поздравил  и  пожелал     мамам и  их  малышам  самые  теплые  пожелания,   торжественно  вручил  двадцати  родильницам  красивые  цветы,а  также   подарки  для  их  малышей ,состоящиеся  из  нарядных  костюмчиков,подгузников.Хотелось  бы  отметить ,подарки  были  специально подобраны отдельно  как  для  девочек, так для  мальчиков.Выписываемых  девочек  было  одиннадцать,мальчиков  девять.

Счастливые  мамы   выразили  свои  искренние  слова  благодарности  за  такой  устроенный  им  праздник.Выступили  словами  благодарности  родильницы  Усипова  Айсулу,Серикова  Аида.

– Спасибо  от  меня  и  всей  моей  семьи  за  профессионализм,чуткое  и  внимательное  отношение  сотрудников  городского  перинатального  центра,-сказала Серикова  Аида,счастливая  мама.

 – Искренно  благодарю  весь  коллектив  городского  перинатального  центра  за  внимание  и  заботливое  отношение,-выразила  свою  признательность  Усипова  Айсулу.