Қалалық перинаталдық орталық базасында аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар тақырыбы: «Бірінші типтік обаға қарсы костюмді киіп және шешу ережелері».
Іс-шара жауапты қызметкерлердің қатысуымен ұйымдастырылып, баяндаушы Аленова Карлыгаш Сатбайевна теориялық және практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында:
• аса қауіпті инфекциялардың таралу жолдары мен алдын алу шаралары қарастырылды;
• жеке қорғаныс құралдарын қолдану алгоритмдері түсіндірілді;
• бірінші типтік обаға қарсы костюмді кезең-кезеңімен дұрыс кию және шешу тәртібі көрсетілді;
• практикалық жаттығулар өткізілді;
• қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтау дағдылары пысықталды.
Қатысушылар қорғаныш киімін қолданудың маңыздылығы мен эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары бойынша білімдерін арттырып, тәжірибелік білімдерін жетілдірді.
Семинар-тренингтің нәтижесінде медицина қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дайындығы күшейтілді.
