Қабылдау бөлмесі

+7 (7262) 54-52-04

Біздің мекенжайымыз

Тараз қ., Әл-Фараби көшесі, 2 в

Email

gpc.taraz@yandex.kz

Жұмыс тәртібі

тәулік бойы

04 февраля 2026

Мереке түні де науқастардың жанынан табылды

Жаңа жыл мерекесі күндері дәрігерлер үшін демалыс болмайды. Олар барлық мереке түнінде де науқастардың жанынан табылып, адам өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек етеді. Тараз қалалық перинаталдық орталығы мен аудандық ауруханалардың медицина қызметкерлері де жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алды.

Перинаталдық орталықта жаңа жыл түні бірнеше сәби дүниеге келіп, аналар аман-есен босанды. Ақ халатты абзал жандар үшін ең үлкен қуаныш – жаңа өмірдің басталуына куә болу.

Осылайша, дәрігерлер мереке күндері де өз міндеттеріне адал болып, халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тынымсыз еңбек етуде.

03 февраля 2026

«Бірінші типтік обаға қарсы костюмді киіп және шешу ережелері»

Қалалық перинаталдық орталық базасында аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар тақырыбы: «Бірінші типтік обаға қарсы костюмді киіп және шешу ережелері».

Іс-шара жауапты қызметкерлердің қатысуымен ұйымдастырылып, баяндаушы Аленова Карлыгаш Сатбайевна теориялық және практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында:
• аса қауіпті инфекциялардың таралу жолдары мен алдын алу шаралары қарастырылды;
• жеке қорғаныс құралдарын қолдану алгоритмдері түсіндірілді;
• бірінші типтік обаға қарсы костюмді кезең-кезеңімен дұрыс кию және шешу тәртібі көрсетілді;
• практикалық жаттығулар өткізілді;
• қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтау дағдылары пысықталды.

Қатысушылар қорғаныш киімін қолданудың маңыздылығы мен эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары бойынша білімдерін арттырып, тәжірибелік білімдерін жетілдірді.

Семинар-тренингтің нәтижесінде медицина қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дайындығы күшейтілді.


Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық перинатальдық орталығы
Тараз қаласы,
Әл-Фараби көшесі, 2 в

+7 (7262) 54-52-04
gpc.taraz@yandex.kz

© 2024

.