Қабылдау бөлмесі

+7 (7262) 54-52-04

Біздің мекенжайымыз

Тараз қ., Әл-Фараби көшесі, 2 в

Email

gpc.taraz@yandex.kz

Жұмыс тәртібі

тәулік бойы

19 ноября 2025

Дүниежүзілік шала туған балалар күні

Бүгін – Дүниежүзілік шала туған балалар күні.
Бұл күн өмір үшін ерте келген кішкентай жауынгерлерді, олардың ата-аналарын және күн сайын жанкешті еңбек ететін медицина қызметкерлерін қолдау күні.

Біздің мекемеде жыл сайын 200-ге дейін шала туған нәресте дүниеге келеді. Әрқайсысы – өз тарихи бар, жүрегі мықты кішкентай өмір. Олар үшін тыныс алу, тамақтану, салмақ қосу – үлкен күрес. Ал біз үшін – оларды қауіпсіз алып шығу, өмірге бейімдеу басты мақсат.

Шала туған сәбилердің өмірі – медицинадағы ең нәзік әрі жауапты жол. Осы жолда дәрігерлер мен медбикелердің кәсібилігі, мейірімі және үлкен жауапкершілігі шешуші рөл атқарады.

Бүгін біз барлық ата-аналарды, барлық дәрігерлер мен медбикелерді, ең бастысы – осы кішкентай батырларды құттықтаймыз.
Олардың әр күнімізді үмітке толтырып, өмірдің құндылығын еске салатыны үшін алғыс айтамыз.

Шала туған әрбір сәби – үлкен ерлік.
Әрбір аман қалған өмір – ортақ жеңіс.

31 октября 2025

МККБИ-дің алдын алу

✅Қалалық перинаталдық орталық базасында 2025 жылғы 31 қазанда мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында МККБИ-дің (медициналық көмекке байланысты инфекциялар) алдын алу мақсатында оқу іс-шарасы өтті.

📍Күн тәртібіндегі тақырыптар:
1. Қол жуу ережелер алгоритмі, қағидалары, түрлері, бұйрық.
2. Қолданылған медициналық құралдарды өңдеу алгоритм тәртібі, ережесі.
3. Азопирам және фенолфталеин сынамасын жасау алгоритмі
4. Стерилизация дегеніміз не? Түрлері, бұйрық талқылау.

📍Бүгінгі өткен семинарымыз — тек ақпарат алмасу ғана емес, өзара тәжірибе бөлісуге, кәсіби жауапкершілігімізді арттыруға бағытталған маңызды шара болды.
Әр қызметкер, белсенді қатысты.
Үйренгеніміз — күнделікті жұмыста сапалы қызмет көрсетуге, алда болатын сын-қатерлерді болдырмауға септігін тигізетініне бағытталған семинар, тренинг эпидемиологиялық қызмет тарапынан өтті.

03 октября 2025

Жамбыл облысында жаңа заманауи 150 орындық перинаталдық орталық салынады

🟢Ана мен баланың денсаулығын қорғау саласын дамытуға тағы бір маңызды жоба қолға алынбақ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 2027-2029 жылдары Тараз қаласында 150 тесек-орындық заманауи перинаталдық орталықтың
кұрылысы жүргізілмек.
Перинаталдық орталық, Тараз каласындағы Асанбай
Аскаров көшесінің соңында орналасады. Құрылыс үшін 5,76 гектар жер төлімі бөлінді. 2026 жылы
жобалау-сметалық кұжаттаманы
әзірлеу жұмыстары басталады деп жоспарланған.

🟢Жаңа орталық жүкті әйелдерге,
босанатын және босанған аналарға,
сондай-ақ жаңа туған сәбилерге жоғары технологиялық көмек
көрсетуге арналған заманауи
жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

30 сентября 2025

Ана денсаулығы басқармасы басшысының сапары

Қазакстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті Ана денсаулыгын корғау баскармасының басшысы Шакизат Халыкова ауданда ана мен бала денсаулығына медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатта қалалық перинаталдық орталық базасына келді.

Жұмыс жоспар барысында перзентханада босанған аналардың жағайымен танысып, босанғаннан кейінгі әйелдерге кеңестер берілді.

29 сентября 2025

Тұмауға қарсы екпе алыңыз!

✅Тұмауға қарсы екпені кімдер салдыруы керек?
✅Тұмауға қарсы екпе иммунитетке тұмау вирустарынан қорғануға көмектеседі және тұмаудың ауыр ағымы, одан өліп кетуден корғайды. Вакцинаның тимділігі әр жылы әркалай, бұл — вирус түріне және олардың, вакцина компоненттерімен сәйкестілігіне, оны алған адамның денсаулығы мен жасына байланысты. Вакцина 18-64 жас аралығындағы сау адамдардың шамамен 60%-ының, тұмау жұктыруының, алдын алады.
Жыл сайын жасы 6 айдан асқан адамның, бәрі, әсіресе, қатер топтарындағы адамдар тұмауға қарсы екпе алуы керек.
Екпені күн салкындамай тұрып
салдырған жөн.
Тұмау вирусына қарсы иммунитет
калыптасуы ушін вакциналаудан кейін
кем дегенде 2 апта уакыт кажет.

✅Әдетте күз айларында суық тиюден
асқынатын түрлі вирусты инфекциялар «бас көтереді». Тұмау — жұкпалы респираторлық ауру.
Ол әдетте адамнан адамға күнделікті
тұрмыстық қарым-қатынастан бөлек, ауа арқылы да таралып, жұғатыны белгілі.
Ауру жедел түрде басталып, белгі береді: бірнеше сағат ішінде дене қызуы 39-40 °С-қа дейін көтеріледі, бас айналу, әлсіздік, буындар мен бұлшық ет ауырсынуы пайда болады. Кейде бірнеше күнге дейін белгі бермеуі де мүмкін, әйткенмен бұл инфекциялар, әсіресе тұмау орталық жүйке жүйесін,
жүрек-қан тамырларын закымдал,
екпенің, қабынуына (пневмония) ұласып кетуімен өте қауіпті, оның соңы тіпті қайгылы жадайларға да соқтығуы мүмкін. Сонымен бірге, құлактың, инфекциясы немесе бактериялық пневмония сиякты асқынуларға әкелуі мүмкін. Демікпе, қант диабеті, қатерлі ісік және басқа созылмалы аурулары
бар наукастардың жағдайын
нашарлатады.
✅Тұмау белгілері кандай?
дене кызуының көтерілуі;
☑️жалпы әлсіздік;
☑️жөтел;
☑️бас ауыруы:
☑️бұлшық ет пен буын ауыруы;
☑️мұрыннан су ағу;
☑️тамақ ауруы және басқа да симптомдар.


Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық перинатальдық орталығы
Тараз қаласы,
Әл-Фараби көшесі, 2 в

+7 (7262) 54-52-04
gpc.taraz@yandex.kz

© 2024

.