Қабылдау бөлмесі

+7 (7262) 34-28-39

Біздің мекенжайымыз

Тараз қ., Әл-Фараби көшесі, 2 в

Email

gpc.taraz@mail.ru

Жұмыс тәртібі

тәулік бойы

Емделушілерді қолдау қызметі

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық перинаталдық орталығы»  ШЖҚ МКК “Пациентті қолдау  және ішкі бақылау” бөлімі құрылған.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау бөлімінің негізгі жұмыс бағыттары:

  1. Сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындаған кезде және 5 күннен аспайтын мерзімде шешу;
  2. Еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану жағдайы мен тиімділігін бағалау;
  3. Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларын денсаулық сақтаудың белгіленген стандарттарына сәйкестігін бағалау (ретроспективті талдау) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
  4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау “;
  5. Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған және медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Сіз «Пациентті қолдау және ішкі бақылау» бөліміне өтініш беруге құқылысыз, егер:

  • көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаныз;
  • медициналық қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасына;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша алу фактілері кездессе;
  • медициналық көмек көрсету тәртібіне қатысты проблемалық мәселелер туындаған жағдайда.

Сондай-ақ, сізге ыңғайлы болу үшін біз «Пациентті қолдау және ішкі бақылау» қызметіне хабарласудың бірнеше басқа жолдарын ұсынамыз:

Сіз:

  • әр бөлімде орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне толық аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді  (телефон — нөміріңіз, тұрғылықты мекен-жайын)  көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыра аласыз.
  • өтінішті біздің сайтта қалдыра аласыз:https://gpc.zhambyl.kz
  • хабарлама қалдыру үшін 8(7262) 34-28-39; 8 707 111 31 51 «Сенім» телефонына қоңырау шала аласыз.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау бөлімі Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде қарап, жауап береді.

“Пациентті қолдау және ішкі бақылау”кабинеті аурухананың «Б» корпусында  2  қабатында орналасқан,

телефон нөмірі 8(7262)34-28-39 –  ӘБДІРАМБАЙ Дидар Сатылғанұлы, бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау және стратегиялық даму жұмысы жөніндегі орынбасары.


Біздің жаңалықтарға жазылыңыз

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық перинатальдық орталығы
Тараз қаласы,
Әл-Фараби көшесі, 2 в

+7 (7262) 34-28-39
gpc.taraz@mail.ru

© 2024

.